Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Май айы)

0

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Май айы) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Май айы) на казахском языке

Жанымда кейде мұң да бар,
Жүрмейтін кейде тасып көп.
Айтарым осы тыңдап ал,
Сендерге өтем ғашық боп.

Май таңы атты арайлап,
Тыныштық тілеп әр күннен.
Май менен саған қарайлап,
Өтермін мәңгі,бәлкім мен.

Жүректі ерек тербейді,
Ақын-ау, айтшы, қайда өлең?
Жанардың оты сөнбейтін,
Ғашық қып мені қойды ерен.

Қанаттай қатар бірлесіп,
Парадқа жүрші шығайық.
Жүректер жатса үндесіп,
Етер-ау дейсің, кім айып.

Қашанда жаның ұқтырсын,
Сырларды жұмбақ беймәлім.
Биыл да бізге құт қылсын,
Махаббат-майдың мейрамын.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!