Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Соқыр, саңырау және жалаңаш)

0

Жалғанда таппай бiр жар жалғыз жүрдім,
Кез болмай мен иеме далаға үрдім.
Айтқанмен көп соқырға кім нанады,
Дегенмен жұрт көрмеген бiр iс көрдім.

Болғанмен жүрген жерiң мидай тақыр,
Таусылу жүре берсең бар ғой ақыр.
Болғаннан дүние — дүние әуел ақыр,
Бiр үшеу жолдас болып келе жатыр.

Дүрбiден бiреуiнiң өткiр көзi,
Көрмейдi дәнеменi сөйтсе де өзi.
Қырағы құмырсқадай нәрселерге,
Онан үлкен зорлардан жоқ боп сөзi.

Мүлтiк жоқ құмырсқаны көруiнде,
Сұрасаң түгел айтып беруiнде.
Онан басқа нәрседен түк көрмейдi,
Кемдiк жоқ жер-су басып жүруiнде.

Құлағы тарс бекiген саңырау бiрi,
Өлi емес, денi сап-сау, өзi тiрi.
Дауысын дүңгiрлеген естім ейдi,
Құдайдың соқтықса да көк пен жерi.

Өзiңде өшiң болса, саңырауға ұрын,
Ұрынбасаң бiлмейсiң оның сырын.
Сыбырлап жасырып айтқан құпия сөздi,
Естидi құлақтыдан әбден бұрын.

Жалаңаш киімi жоқ ендi бiрi,
Ашылып көрiнiп тұр ұят жерi.
Етегi сүйретiлiп келе жатыр,
Жаға-жең жоқ болса да, ол өңiрi.

Суретi адамға ұқсаған, мінезi аңға,
Бұл үшеуiн көрген соң қалдым таңға.
Дүние толды десем де жалған емес,
Тозаң бұрқ-бұрқ, жол үстi толып шаңға.

Үшеуi айрылмастан қосқан басты,
Бiр жасап жалғандағы өмір жасты.
Елсiзде көрiп көзім тоймасын ба,
Соқыр, саңырау, бiр тұттай жалаңашты.

Дәнеңе жоқ маңайында жалғыз қара,
Бiр сайын өздерiне тиген дала.
Елсiзде үшеуiне кез болған жан,
Бет-аузы кетедi де болып жара.

Жалаңаш киім iңе тап бередi,
Байқамай онда соқыр шап бередi.
Бас салып керең, саңырау сабап-сабап,
Ерiксiз-ақ киім iңдi ап бередi.

Бой бағып мен анадай алыс тұрдым,
Бұлардың не қылғанын көзбен көрдім .
Не қылып, үшеуiнiң, не қойғанын,
Әр жерде әңгім е ғып, кеңес құрдым.

Соқыр айтты:
— Мен анық тұрмын көрiп,
Бiр адыр қол келедi сейiл құрып.
Саны сонша өзiнiң пәлен мың!- деп,
Бүлiндi өз-өзiнен құдай ұрып.

Онда саңырау дүрiлдеп келдi жетiп:
— Дауысын тұрмын,- дейдi,- мен де естiп.
Ана екеуi айтқан соң жау жеттi деп,
Жалаңаш жаман қорықты есi кетiп:

-Бұл жерден бiз қашпасақ тұра көшiп,
Бiр қуылса, соңымызға бұл жау түсiп,
Менiң құрғыр қызығып етегім е,
Ұзынын қоймайды ғой алмай кесiп!

Соқыр тұр:
— Көрдім мен,- деп,- міне,- келдi!
Саңырау тұр:
— Құлағым,- деп,- дыбыс бердi!
Жалаңаш тұр, жан қоярға жер таба алмай:
-Айрылдым етегім нен мен,- деп,- ендi!

Бұлар тұр дауырығып осы сөзде,
Құдайдың құба жоны құла түзде.
Ес көрiп, осыларды қара тартқан,
Ойласақ, шайнам ғақыл жоқ қой бiзде.

Не көрдi, дәнеме жоқ үш албасты,
Жалаңаш «жауң деген соң тұра қашты.
Жөнелдi ес жоқ, түс жоқ одағайлап,
Жол берсе, кiрер едi жердiң асты.

Үшеуi шығып кеттi елден безiп,
Қашумен жау жеттiлеп тау-тас кезiп.
Қарны ашып, қалжырайтын мезгiл болды,
Түңiлiп, тiрiлiктен күдер үзiп.

Елсiзге бұл үшеуi шығып кеттi,
Арада бiрнеше түн, күндер өттi.
Әуре боп бiр үш ақымақ қаңғып жүр деп,
Кім бұған даярлайды шай мен еттi.

Бiрталай таныс болды көрiп жердi,
Бұлардың сыбағасын аштық бердi.
«Пәлi, бiз мұнша неге бүлiндiк? «,- деп,
Бiрiнен айдалада бiрi көрдi.

Саңырау айтты соқырға :
-Қылдың, -дейдi,
-Ойлағаның осы едi, тындың!-дейдi.
-Көрiнбеген нәрсенi көрдім деумен,
Айдалаға қаңғытып қырдың!- дейдi.

Соқыр айтты саңырауға:
-Емес пе ең сен,
Демеп пе едiң дауысын естiдім мен?!
Көрмесем де көрдім деп жеңiп жүрген,
ЕМес пе едім белгiлi бекбике мен?!

Жалаңаш айтты:
-Екi ит не еттiң?-дейдi,
-Алып шығып елсiзге кеттiң!- дейдi.
-Бiрiң көрдім , бiреуiң естiдім — деп,
Зәремдi алып түбім е жеттiң!- дейдi?

Онда екеуi шап бердi жалаңашқа:
-Табылса ортақ боласың даяр асқа.
Елден бұрын алақтап тұра қашып,
Нең бар едi сонда артық бiзден басқа?!

Жалаңаш екенiңдi жұрт көрiп тұр,
Менi алар деп келсе жау қылдың ғой қор.
«Етек -жеңім ұзынң,- деп мақтанасың,
Киім жоқ, етек-жеңiң қай жақта жүр?!

Өңiрменен тауып-ақ жаға-жеңдi,
Жұртқа айтсайшы сонан соң “етек кеңдi”.
Киім iң жоқ үстiңде тонайтұғын,
Жау алғанда, алады сенiң неңдi?!

Жақ-жақ болып үшеуi қылды керiс,
Ауыр тидi бұларға ендi жүрiс.
Басы жұмыр пенде боп жаралған соң,
Бiлгеннен, бiлмегеннен өтер бiр iс.

Көп сөйлеп қызыл тiлім болып тұр iй,
Бардан-жоқтан сөз сөйлеп шертемін күй.
Жолаушы өткен, кеткен паналайтын,
Бұларға кез болыпты кең сарай үй.

Бұл үйге кiрiп келсе бұл үш батыр,
Дәнеңе жоқ, бiр мүжiлген жемтiк жатыр,
«Аш атасын танымасң- деген сөз бар,
Аузына не тисе де балдай татыр.

Бiр жемтiк тақыр тидi болып қалған,
Талай қарға-құзғындар ауыз салған.
Ауыз жарыр етi жоқ бiр қу сүйек,
Ұшқан құс, жүгiрген аң қорек алған.

Елсiзде кез ғып құдай душар еткен,
Болмайды аш, душар боп бұған жеткен.
Құста сұңқар, болмаса аңда арыстан,
Кем шығар бұл жемтiктен татпай кеткен?!

Сатусыз табылған соң бостан-босқа,
Қылуға ортақ қимайды қас пен досқа.
Кететiн көрiнген ит бiр кемірiп,
Бiр жатқан ортақ жемтiк ит пен құсқа.

“Құс пенен жоқпыз ба,- деп,- бiр ит құрлы?!”
Кешкен соң бастан заман қилы-қилы,
Сақтаулы сырбазының етiндей-ақ,
Бас салды көрген соң-ақ бұл үш сорлы.

Тұяқты арыстандай серпiп салып,
Жегендей жаңа тоят қолдан жарып.
Кенелдi емін-еркiн тиiп қолға,
Бас салып бiр жемтiктi ортаға алып.

Жерге ет жоқ ауыз жарыр, ал кемірдi,
Тас, ағаш шайнағандай ол темірдi.
«Қарыны қайғысыздың тоқң,- деген бар,
Жеуменен емін-еркiн құп семірдi.

Жарасып ендi қалжың-ойындары,
Ашық боп бiр-бiрiне қойындары.
Ыңқылдап тойғандықтан жүре алмайды,
Жуандап бордақы иттей мойындары.

Көрiсiп бiр жемтiкке жұрт пен елдей,
Ойына онан басқа дәнеңе келмей.
Зорайды денелерi өсiп әбден,
Жуандап, күжiрейiсiп, болып пiлдей.

Өлгенше жеуден аузын тыймас болды,
Еш досқа, туысқанға қимас болды.
Соншама семіздiгi шектен асты,
Отырған үйлерiне сыймас болды.

Бұл дүние бiр күн базар, бiр күн мазар,
Болам деп әр күн базар, содан жазар.
Өзi бай, өз үйiнде өзi батыр,
Үй түгiл, сыйып жүрдi жалғанға азар!

Ойда жоқ шығуға үйдiң тесiгiнен,
Жалғанның тырп етпеске бесiгiнен.
Кеткенiн шығып не ғып бiлмей қалды,
Бiр жапсар үйдiң титтей тесiгiнен.

Үшеуi басын қосып келген бiрден,
Сөз естi жиһан кезiп жүрген ерден.
“Есiктен сыймаймыз ғой!”- деп жүргенде,
Иненiң жасуындай шықты жерден.

Жөнелдi бiр қайырылып тiлге келмей,
Болдырып тұрып қалды шаппай, желмей.
Есiктiң бар- жоғын да байқай алмай,
Кеткенiн қайдан шығып қалды-ау бiлмей!

Жолаушы жатқан өтiп, бұл бiр- тесiк,
Шығады мыңнан бiреу тауып есiк.
Бiле алмай қайсысынан шығарымды,
Болып тұр Мұны айтудан тiлім кесiк.

Келмейдi тiптi шыққым, салса өзім е,
Көрiнiп екеуi де тұр көзім е.
Жүрген соң өз тiлім дi өзім алмай,
Сүйсiнiп құлақ салсын кім сөзім е?!

Бұл сөзге түсiрейiн түстей жорып,
Түсiрмесем, шаршайсың дымың құрып.
«Бiз үйден кетпеймізң,- деп отырғанмен,
Ажал тұр алдымыздан бiздi күтiп.

Десеңiз, бұл қай тесiк, өлім жолы,
Тұрсың ба көзiң барың көрмей соны?!
«Өлім жолы иненiң көзiндейң,- деп,
Аятпенен айтып тұр құранда оны:

“Кім тұрар өзiн-өзi тыйып?”- деген,
“Жалғанды кету қиын қиып”- деген.
“Өлім жолы иненiң жасуындай,
Түйе болса, кетедi сыйып!”- деген.

Бәрi де келген жанның кетiп жатыр,
Не пайда бұл жалғаннан өтiп жатыр.
Үш ұйықтаса ойда жоқ бiр тесiктен,
Қанша керуен шұбырып өтiп жатыр!

Басты бiр көтеру жоқ, ұйқы басып,
Оятар ерiксiз бiр күн ұйқыңды ашып.
Бар бол, жоқ бол, айқасып сол тесiкпен,
Бiр қалыңдық ойнарсың қол ұстасып.

Манағы үшеуi кім едi болған жолдас,
Ондай болып бас қосса ешкім оңбас!
Бiрi дүниеқоңыз едi, көзi соқыр,
Болған оңбас соқырмен айлас, мұңдас.

Жалған дүние кеткен соң көздi жауып,
Оңай емес ендi алу жолды тауып.
Халықтың ғайыбын көруге бек қырағы,
Бiр алуға бетiңнен итше қауып.

Керек iстi көрмейдi өз басына,
“Соқыр”- деп, салдым соны сөз басына.
Дәнеменi өз көзi көрмеген соң,
Жұқтырар соқырлығын жолдасына.

Күн ашылды , көрiнер ендi бойың,
Асықпасаң әзiр тұр, міне, тойың.
“Керең саңырау- дегенім — құлағы жоқ”-
Таусылмайтын ұшы жоқ ұзын ойын.

Бәрiн өзім бiлем деп жүредi сол,
Жан жоқ боп ақыл, ойға өзiнен мол.
Өз жанынның пайдасын естім ейдi,
Естiр болса, жүрiс бар- бiр сапар жол.

Бұл сөзімнiң балы бар, уы аралас,
Ойлаймысың бiр iске деп жарамас?!
Келiп пе едiң жалғанға киім киiп,
Тумап па едiң анадан сыр жалаңаш?!

Сыбағаңа тұрған жоқ киім тиiп,
Бәрiн тастап кетесiң бiр жерге үйiп.
Жұрт есiркеп үш қат бөз орамаса,
Киім iң жоқ кететiн тағы киiп.

Бiрталайға санасаң келдi жасың,
Шөпке тұрған қырау ма баста шашың?!
“Ұзын- деумен етегім !” — өттi өмірiң,
Ойда жоқта тiптi тұттай жалаңашың!

«Менiкi!»-деп меңгерiп бұ жалғанды,
Келтiрем деп ыңғайға ойға алғанды,
Көрiнгеннен қызғанып алып қашып,
Талай көрдiң дәнеңе жоқ құр қалғанды!

Дүниеқордың болады екi бауыры,
Саңырау, соқыр, жаңғырыққан күнде даулы.
Күнде үрейi ұшады зәресi жоқ,
Қызылбас пен қалмақтай боп өз ауылы.

Қаламның жарып iшiн, ұшын кесiп,
Кигiзген қара сөзге киім пiшiп.
Заты -Арғын, нәсiлi- қазақ, ұраны- алаш,
Көпеев — фамилиясы, Мәшһүр — Жүсiп!