Қазақша өлең: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (Өлмек парыз)

0

Қазақша өлең: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (Өлмек парыз) казакша Қазақша өлең: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (Өлмек парыз) на казахском языке

«Өлмек парыз, — деп айтар, — тумақ сүндет»,
«Мойынға ораза, намаз, — дейді, — міндет».
Алымдар орындауды мәжбүр етер,
Адамға Мұхамбетке болған үмбет.
Егер де намаз палуан пасық шықса,
Олардан ыбырат алып жұрт не білмек ?
Мың ірәкәт намаздан артық деген,
Кісіге істеген бір ізет — үрмет.
Көрсетілген нұсқада әр түрлі іс,
Білмегің өз шаманды әбен дұрыс.
Жамандарға парықы білінбейді,
Арзан, қымбат бағасы, алтын мен мыс.
Алымдардың уағыз кітабында,
Тағдырға жазылған іс болады — мыс.
Деп айтқан мың реттік әжіліктен,
Артық деп халыққа қылған бір әділ іс.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!