Қазақша өлең: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (Дүниеге мейман көңілім)

0

Қазақша өлең: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (Дүниеге мейман көңілім) казакша Қазақша өлең: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (Дүниеге мейман көңілім) на казахском языке

Дүниеге мейман көңілім,
Мақтансам дауа тілерсің.
Өлшеніп берген өмір бар,
Уақытыңмен жүрерсің.
Кейбір күнде қапа боп,
Кейбір күнде келерсің.
Бір қалыппен еш бенде
Бітіре алмас үлесін.
Көлеңкелі бұлыттай
Көшпелі болған дүниесің.
Ажал келсе жатқызар,
Маңдайдан басқан ұйқыдай.
Бендені дәулет мас қылар,
Қырауды кешкен жылқыдай.
Бауыры бүтін, басы есен,
Сағынар ауық — күлкіні — ай.
Қызықтырған түлкідей,
Дүние өтер бір күні — ай.