Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Көшер еді-ау біздің ел)

0
45
Advertisement

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Көшер еді-ау біздің ел) казакша Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Көшер еді-ау біздің ел) на казахском языке

Сонау Еділден бергі жатқан жердейін,
Қонар еді-ау біздің ел
Арқада қоныс шөлдейін.
Құралыдан қалған көп тентек
Бүлдірмегей еді елімді
Лашын құс, бүркіт шайқаған көлдейін.
Ащының бойы көк тоғай,
Жайламас еді біздің ел,
Жері жаман сусыз деп.
Жабыдан айғыр салмады,
Баласы оның сынсыз деп,
Базарға сатсаң құнсыз деп.
Балдағы алтын ақ болат,
Асынбас еді біздің батырлар,
Көкпен де сауыр қынсыз деп…
Ер қабыланын жөнелтіп,
Елсізде қаңғып қалған шақ,
Кім айтады бізді мұңсыз деп?!

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз