Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Аймақ көл)

0

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Аймақ көл) казакша Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Аймақ көл) на казахском языке

Аймақ та аймақ, аймақ көл
Дария болып шалқымас
Аяғы төмен аққан соң.
Айдан жарық нәрсе жоқ –
Сәулесі түспес жаһанға
Қараңғы түнек жапқан соң.
Арыстаннан күшті аң болмас –
О да өледі, жігіттер,
Мергендер таңдап атқан соң.
Алалы жылқы, ақтылы қой –
Аңдыған бөрі жемей ме
Иесі ұйықтап жатқан соң?!
Шақырғанмен келер ме
Кешегі менің арыстаным,
Өзі шын барар жерін тапқан соң?!
Егізінен айырылып,
Мен бір аққу болдым халықтан соң.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз