Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Аймақ көл)

0

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Аймақ көл) казакша Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Аймақ көл) на казахском языке

Аймақ та аймақ, аймақ көл
Дария болып шалқымас
Аяғы төмен аққан соң.
Айдан жарық нәрсе жоқ —
Сәулесі түспес жаһанға
Қараңғы түнек жапқан соң.
Арыстаннан күшті аң болмас —
О да өледі, жігіттер,
Мергендер таңдап атқан соң.
Алалы жылқы, ақтылы қой —
Аңдыған бөрі жемей ме
Иесі ұйықтап жатқан соң?!
Шақырғанмен келер ме
Кешегі менің арыстаным,
Өзі шын барар жерін тапқан соң?!
Егізінен айырылып,
Мен бір аққу болдым халықтан соң.