Қазақша өлең: Махаббат

0

Қазақша өлең: Махаббат казакша Қазақша өлең: Махаббат на казахском языке

Махаббатты жырлай-тұғын жыр басқа,
Әйелдер де бекінеді сынбасқа.
Қыздар жақтың қылығы да бір бөлек,
Еркектердің әзілі де бір басқа.

Әйелдерде таусылмайды сөз кені,
«Ұнатасың — дейді өкпелеп, — өзгені».
«Қойшы» дейді әйел-қылық еркекке,
«Келші» дейді бірақ оның көздері.

Алады олар, ебі келсе, сұраққа,
Шыда дейді таусылмайтын сынаққа.
«Жынды» дейді жігітіне қыздар да,
Сол «жындысын» жек көрмейді бірақ та.


Қыздың көңілі бірде көтеріңкі, бірде сынық болады,
Әйтсе де жүрегінде махаббатқа деген үміт болады.
Сөйтіп жүргенде үміті ақталады,
Қыздың жанында әдемі бір жігіт болады.
Кейде сенімі ақталмайды,
Өйткені әлгі жігіт әр қызбен бір жүріп болады.
Қыз ешкімге сырын айта алмайды,
Себебі жүрегінде бір тастүйін құлып болады.
Мұңданады, Жынданады,
Ендігі жігіттерге сол құлыптың кілтін тап деп бұлданады.
Қыз дегенің сондай халық.
Ал жігіт дегенің қандай халық?
Оо-о, олар ерек екен!
Мұңдандырса да, Жындандырса да,
Қыздарға бәрібір керек екен.