Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Ой жайлау)

0

Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Ой жайлау) казакша Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Ой жайлау) на казахском языке

Ойжайлау, шөбің шүйгін, суың дәрі,
Болады халқыменен ақын сәні.
Ойжайлау!
Берейін әнге шырқап ортаңызда,
Жиналған елім-жұртым, жас пен кәрі.
Ойжайлау!

Қайырмасы:
Ақ шәйнек, сары самаурын тұрса қайнап,
Отырса қыз-бозбала күліп-ойнап,
Киінген қызғалдақтай қыз-келіншек,
Сапырса сары қымыз, құлан ойнақ.
Қуарған қара ағаштай қақиғанша,
Жас шақты өткізелік гүлдей жайнап.
Ойжайлау!

Ойжайлау атақоныс көп дулатқа,
Ат пен тон жарасады азаматқа.
Айтысып, қыз-бозбала қырындасып,
Серуендеп, тамаша еткен жастық шақта.

Қайырмасы:

Ақ бүрлен, қызыл бүрлен, қалың бүрлен,
Бүрленді аралайды жөнін білген.
Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап,
Қызығы бұл дүниенің ойнап-күлген.
Ойжайлау-ай!

Ойжайлау, қойның қыстау, басың жайлау,
Жарасар ақ үй тігіп, бие байлау.
Жиылып мұнша елім отырғанда,
Ақынға жараспай ма бұлбұл сайрау?


Майгүл Қазтұрғанова — «Ой, Жайлау»


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!