Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Жұлдызға ғашық болдың ба?)

0

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Жұлдызға ғашық болдың ба?) казакша Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Жұлдызға ғашық болдың ба?) на казахском языке

Күлімдеп кете бардың амандасып.
Білмейсің барлық жігіт саған ғашық.
Қандай жан сай келеді талғамыңа,
Сырыңды айтшы сəулем мағанда ашып.

Білемін сері жігіт гүл қызға тең.
Тəңірім шуақ төкші бұл қызға сен.
Жыйып ап суреттерін əншілердің,
Ғашық боп жүр екенсің жұлдызға сен.

Деседе өз жүрегің толдым тасып.
Жұлдызбен жүздесесің,ол күн қашық.
Қасыңда жүрмеседе қамқоршың боп,
Қалайша ол адамға болдың ғашық.

Ойлама сүйер ау деп олда сені.
Сезім бір сенімсіздеу жолдас еді.
Баянсыз махаббатың белгілі ғой,
Қалдырып кететіні жолда сені.

Айтатын осы жерде келді ретім.
Ол əнші ел сүйетін,ел білетін.
Сенсіз де əнін тыңдап ғашық болған,
Қыздар көп суретіне телміретін.

Қол жетпес адамдардың бірі емес пе.
Қазақтың əншісі боп жүреді есте.
Қайрат пен Мейрамбекке ғашық болған,
Қыздарда армандаумен жүр емес пе.

Танытқан ғашық көңіл сыңай шындай.
Ұнатқан адамыңа ұнайсыба-ай.
Қазақты сүйгенің де дұрыс шығар,
Шет елдің əншілерін құдайсынбай.

Бақытың болар бəлкім басыңдағы.
Өтпелі кезең мүмкін жасыңдағы.
Жақсы көр,əнін тыңда бірақта сен,
Жандарды ұмытпашы қасыңдағы.