Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Жер сұраған қытайдың жазасы)

0

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Жер сұраған қытайдың жазасы) казакша Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Жер сұраған қытайдың жазасы) на казахском языке

Ағайын деп айтайық барды бағым.
Жасамас бұл өмірде жар күнə кім.
Қытайлар бір тұлпарын сұратқан соң,
Мөде бере салады арғымағын.
Қорқады деп ойлаған қытай тағы,
Бер депті тоқалыңды жар қыламын.
Халқын ойлап беріпті бір əйелін,
Ел тыныш болса табар жарды да кім.
Өктемсіп кеткен қытай жер сұрапты,
Бермесең таптайм депті ардыда мың.
Елімен ақылдасса кей біреулер,
Берейік деп айтыпты солғын əнін.
Ұрпаққа қара бет боп қалмас үшін,
Түсінді ауырлығын сол күнəнің.
«Жер халықтың»-деп Мөде»Қазынасы»,
Жаудырды қабағынан қарды қалың.
Басын шауып тастады уәзірлердің,
Жер берейік деп келсе алдына кім.
«Ашамыз ұлы жойқын соғыс»-деді,
Əскерін жыйнап алып алдына мың.
Соғысып жеңген еді қытайларды,
Тарихта таңба болып қалды ма күн.
Салық төлеп тұратын болды қытай,
Арқалап ауыр жүгін бар күнəнің.
Жерді бер деп желіккен қытайлардың,
Осылай күшпен тартып алды нанын.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!