Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Өлмейсің арпалыссаң арың үшін)

0
32
Advertisement

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Өлмейсің арпалыссаң арың үшін) казакша Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Өлмейсің арпалыссаң арың үшін) на казахском языке

Ақынды ел сыйлайды арыны үшін.
Болған соң елден ерек дарыны шын.
Отанға деген ыстық махаббатым,
Кернейтін кең кеудемді жарылысым.
Жаратқан құдайыма тəубе деймін,
Отаным Қазақстан барың үшін.
Жалғаған ұлы жолын көктүріктің,
Кешегі сақ пен ғұнның сарынысың.
Соғыс пен ашаршылық желтоқсанның,
Əліде ұмытпады зарын ішім.
Сол кезде бабаларым жан бердіңдер,
Ел мен жер бала-шаға жарың үшін.
Ұмытпай ұлықтайды ұрпақтарың,
Таныйды батырым деп бар ұлысың.
Ерлігі бабалардың бізге үлгі,
Қайтатын есе кетсе қарымы шын.
Күймейсің отқа түссең отан үшін,
Өлмейсің арпалыссаң арың үшін.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз