Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Атпаңдаршы аңдарды!!!)
Бар емес пе аңдардың да киелері.
Сол киенің жағылмасын куйелері.
Оңды солды атып жүр ғой аң мен құсты,
Болмаған соң байқұстардың суйенері.
Кім оларға тосқауыл боп тоқта дейді,
Қорықтардың көмек берсе иелері.
Қасиеттің киесі атып кететінін,
Айтты емес пе поэзия мен күй өнері.
Сол киенің жағылмасын куйелері.
Оңды солды атып жүр ғой аң мен құсты,
Болмаған соң байқұстардың суйенері.
Кім оларға тосқауыл боп тоқта дейді,
Қорықтардың көмек берсе иелері.
Қасиеттің киесі атып кететінін,
Айтты емес пе поэзия мен күй өнері.
Бұл күдері аң саудасы қызып кеткен.
Талай жандар елдің заңын бұзып кеткен.
Бір ақ рет атылған соң мылтық оғы,
Аққулары Жетім көлдің жүзіп кеткен.
Лағын қуған Жошы ханның бір баласын,
Ақсақ құлан өзі келіп сүзіп кеткен..
Тұқымдары таусылар деп көп аңдарды,
Қызыл кітап беттеріне тізіп кеткен.
Əрі бармай айтайыншы тек беріден.
Өзімше бір зерттеу жасап тексеріп ем.
Қорған болмай қызыл кітап көп аңдардың,
Күрт азайып кеткен бəрі шеттерінен.
Дəрі жасап бұғылардың мүйізінен,
Тағам жасап сатып жатыр еттерінен.
Болашақта бұл аңдарды көреміз бе,
Интернет пен қызыл кітап беттерінен.