Өлеңді айт дегенде тасып берем, Мергендей көзден түзу атып берем, Ағалар басын қосқан мәжілісте, Әніне «Жонып алды» басып берем. Айтылса көп өнердің қоры бар-ды, Маңамын келтіретін жері бар-ды. Айтылған сол көп өлең мақамынан, Аты бар бұл әнімнің «Жонып алды».