Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қанат талды) » ZHARAR

0

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қанат талды) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қанат талды) на казахском языке

Ән сұлу күндей күліп сорғалаған,
Бұлбұлдай сайрап жүріп қорғалаған,
Жымиып күле қарап айлы аспанға,
Сызылтып тоқсан түрлі жорғалаған.
Ырғалтып мың құбылтып шырқағанда,
Үзілтіп он екі алуан ән салғанда,
Қалықтап ұшқан дауыс төмендемей,
Аспанда қанат талды толғағанда.
Әндердің ұлы атасы «Қанат талды»,
Арқада ақыратып Сейтжан салды,
Қоңырлап құйқылжыған ырғағына,
Сүйсініп, естігенде жұрт таң қалды.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз