Қазақша өлең: Иса Байзақов (Өндіріс)


Қарсақпай, Қарағанды, Риддерім,
Қайнаған кенге шөгіп ойы-қырың.
Алыста Ембі-нефті аққан мұнай,
Қоңырат, Нілдіменен бір көрнегім.
Санасам толып жатыр өндірісім,
Көркейткен еңбекші елдің ой өрісін,
Дәуірдің социалистік қазынасы,
Өрлеткен еңбекші елдің ұлы күшін.