Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бүгін дала) » ZHARAR

0

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бүгін дала) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бүгін дала) на казахском языке

(«Заулатшы-ай» әнімен)

Бүгін дала гүлденіп жаңарғандай,
Күлтелі көк құлпырып оңалғандай.
Кешегі құмайт дала шаңырқаған,
Бүгін, міне, тамаша таң қалғандай.

Қайырмасы:
Заулатшы-ай, құрбым,
Заулатшы-ай!

Еңбек ұйым біріккен ұранды жыр
Нұрлы жырдан естілед бір терең сыр.
Ісі жаңа жас құрбым, бері қара,
Еңбек өніп, төбеңнен төгілсін нұр.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com