Қазақша өлең: Иса Байзақов (Асылзат)


Ойламай сағат сені тұра алмаймын,
Мойнымды басқа жанға бұра алмаймын.
Айрылып шыныменен қалғаным ба,
Қалайша ауылыңа бара алмаймын.
Мойнымды басқа жанға бұра алмаймын.
Айрылып шыныменен қалғаным ба,
Қалайша ауылыңа бара алмаймын.
Қайырмасы:
Асылзат, ойланшы өзің.
Деуші едім жастан сені маған серік,
Аққудай аппақ шырай біткен көрік,
Керілген кер маралдай кербезім-ай,
Күн бар ма көңілім тынар сені көріп?
Қайырмасы.