Қазақша өлең: Иса Байзақов (Аэроплан)

0

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Аэроплан) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Аэроплан) на казахском языке

Жаңа оянған жас қазақ,
Қонақ келді ордаңа.
Қонағыңды құрметте
Көрсетсін үлгі далаңа…
Айтайын ба, ертені,
Баяғыда ертегі,
Ертегі еске салғалы
Есептесең ерте еді.
Ертегінің қиялы,
Болжап еді қияны,
Сол қиялдан ұл туды,
Болды ма кәне зияны.
Ертегіде бір жас ер
Аралапты талай жер.
Жол іздеген жігітке
Кез болыпты дуакер.
Оқымысты дуакер,
Өнерлі екен тым шебер,
Жан салыпты кілемге,
Жаяу жүрмін дегенге.
Кілемге жігіт мініпті,
Аспанға ұшып шығыпты,
Қиялмен ұшқан кілем-ат,
Дүниенің төрт бүрышын
Сонымен жігіт көріпті.
Қап тауынан қауіпті,
Сүйгенін жігіт тауыпты.
Талай теңіз, талай тау,
Бөгет болмай қалыпты.
Сол заманның киялы
Білімменен іске асты.
Аспанға ұшып адамзат,
Ай, күнменен тілдесті.
Аэроплан — ұшқыр құс,
Сәуледен озып өткен құс,
Еңбекшілер дүниесін,
Көгертетін осы күш.
Жаңа оянған жас қазақ,
Қонақ келді ордаңа.
Қонағыңды құрметте,
Көрсетсін өнер далаңа.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!