Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Тас)

0

Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Тас) казакша Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Тас) на казахском языке

Көгілдір, мөлдір көк аспан —
Көлеңке, сәуле ойнағы.
Ойнаса онда жылпың жел,
Жыртылад шарбы, қаймағы.
Жел қуалау, бұлт қашу —
Жігіт-қыз айтса, тойдағы.
Көк күмбезде күнде ойнақ,
Ойнады да қоймады.
Бұлт бір мезгіл бұрқырап,
Астарлады аспанды.
Асқарға соққан асқақ жел,
Тас сүзді де жасқаңды.
Нөпір нөсер шүмектеп,
Жасылдан жалтыл басталды.
Балбыраса да барлық зат,
Тас күйінде тас қалды.