Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Пішенде)


Шөп машина қалағы
Күн көзінде жалтылдап,
Түсті пішен орағы
Көк майсада жарқылдап.
Күн көзінде жалтылдап,
Түсті пішен орағы
Көк майсада жарқылдап.
Қос машина, қыз, жігіт
Қатар еді арасы:
Қалды жігіт мүдіріп
Ширек сағат шамасы.
Винттің бірі жоқ мүлде
Ал, көгалдан таба алшы!
Үш оралды қыз міне,
Қап, қырсықты қарашы!
Жақындады қыз дағы,
Онан сайын түсті иық:
— Ау, жігітім, жүр, кәні
Нағып жатсың шұқшиып?!
─ Винт жоқ, белдік темірге
Жалғасатын төстегі!
— Ойбой, тәйірі — ай, оның не,
Винтің сенің бос па еді!
─ Жә, менде бар біреуі
Сүйте ме екен ер кісі!..
Алыстады қыз енді,
Құлақта қап күлкісі…
Жетсем бір, деп, — тұсына
Бұл да шапшаң кетті алға.
Ал, қыз кездің ұшында
Бұлдырайды тек қана…