Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Аруларға тілек)


Сендер жайлы тек ән салсын уақыт-күн,
Жүздеріңде нұры ойнасын бақыттың.
Бақыт деген — қыздың қамсыз күлкісі,
Алмастыра алмас оны жақұт мың.
Жүздеріңде нұры ойнасын бақыттың.
Бақыт деген — қыздың қамсыз күлкісі,
Алмастыра алмас оны жақұт мың.
Отау етіп көтеретін іргені,
Болсам дейді ару да ел іргелі.
Бақыт дейтін алаңсыз қыз шаттығы,
Сүйіктімен бірге өткізген күндері.
Қыз-көңілде мысқалдай мұң тұрмасын,
Жүректерің шықтай тілек тыңдасын.
Қыз-қиялың көктен жұлдыз ілдіріп,
Қыз-сезімнің әнін өмір жырласын.
Қыз-арманың биік ұшсын — самғасын,
Сүрінбеңдер, кездессе де жолда сын.
Ай сәулесі тәтті түс боп тербетіп,
Ару-түннің алаң күні болмасын.
Сонда өзің де гүлдей болып жайнарсың,
Айналаңа әсемдік шын жайғансың.
Қамсыз күнің ертеңіңе ұласып,
Армандарың бақ күніне айналсын.