Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Ұнатып ем…)
Жасымнан ұнатып ем бір жігітті,
сүюдің қиындығын кім біліпті.
Көз қырын тастамай ол өте берді,
жүрекке арқалатып нұрлы үмітті.
сүюдің қиындығын кім біліпті.
Көз қырын тастамай ол өте берді,
жүрекке арқалатып нұрлы үмітті.
Әдейі оны күнде жанап өтем,
ойпыр-ай, ғашық болған жаман екен,
көңілдің жайлауында сайран салып,
жаныңды талай күйге салады екен.
Сол жігіт білсең атын өлең деген,
жымияр: «Саған оңай көнем бе мен!» –
Ерте-кеш болса да бір естір ме екем
бір сөзін «Сені жақсы көрем!» деген…