Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Анама)

0

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Анама) казакша Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Анама) на казахском языке

Кеудеңде мені тербеттің,
жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім,
еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын,
аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
“Адал бол, — деуші ең, — жұлдызым”,
сақталды сөзің жадымда.
“Игі еңбек түбі осы-ау” дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер
мәңгілік Күндей, анашым!