Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Түсінсе)

0

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Түсінсе) казакша Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Түсінсе) на казахском языке

Күдік көп, сезік те көп, үміт те көп.
Дем берер қос қолтықтан жігіт Медет.
Енеді бойға қуат құдірет Сенім,
Қажытқан сәл сейілсе ауру дедек.

Күреске шығарады мияттасың,
Тағдырлас, намысы ортақ ұяттасың.
Басымдық бақ, тәлейді Хақтан тілеп,
Түседі қара санға, тұяққа сын.

Қауіп көп, қатер де көп шама шақтар,
Батырар арқаға аяз болашақ бар.
Бұлыңғыр бұлдырайды дөң артында,
Жас шақта алдырмаған алашақтар.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!