Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Ар жақтағы бауырға хат)
Сен ар жақта, бауырым, мен бер жақта.
Жалбарамыз Құдайға және әруаққа.
Бір бабаның сақина, жүзгі едік,
Кетпегейміз әр саусақ, әр бармақта.
Жалбарамыз Құдайға және әруаққа.
Бір бабаның сақина, жүзгі едік,
Кетпегейміз әр саусақ, әр бармақта.
Қ а й ы р м а с ы :
Сағындың онда сен мені,
Сағындым мүнда мен сені.
Сеніммен күтем жолыңды,
Көтеріп ұстап еңсемді.
Көпірің ет, жарасам, жан өткізер,
Михраб ет, илансаң, санат түзер.
Сақтана жүр сұм сиқыр ыбылыстан,
Талмау жерден талдырып қанат күзер.
Қ а й ы р м а с ы :
Сағындың онда сен мені,
Сағындым мүнда мен сені.
Сеніммен күтем жолыңды,
Көтеріп ұстап еңсемді.
Ай салсаң да араға, хатыңды үзбе.
Ар жаққа да бер жаққа датыңды ізде.
Жер тарпынып ерттеулі, тағалаулы,
Кісінейді үйірсек атың бізде.
Қ а й ы р м а с ы :
Сағындың онда сен мені,
Сағындым мұнда мен сені.
Онда да, мұнда үйіңсек,
Кісінеп көңіл дөнені.