Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қыз бойжеткен)
Қызбойжеткен дегенде, қызбойжеткен,
Көктем көктем емес қой, қыз ғой көктем!
Күні бойы көз алмай көкжиектен,
Түні бойы телміріп түзге әйнектен,
Көктем көктем емес қой, қыз ғой көктем!
Күні бойы көз алмай көкжиектен,
Түні бойы телміріп түзге әйнектен,
Кімді ғана күтеді, сездің бе осы,
Бұл жүректер дерттенер кездің басы?..
Қыз баланы мұңайтар белгісіздік,
Қыз баланы есейтер көздің жасы…
Бізге де ауыр тигені-ай сыр кеселі,
Сыр кеселін, сүймесем, білмес едім.
…Біздің бақта гүлдеген алмалардай,
Күндіз емес, қыз бала түнде өседі.
Сұлу сырын бір ашса, түн ашады,
Жанарында мөлдіреп бұла шағы,
Түнде ашылар қызғалдақ секілденіп
Түні бойы сезімдер бүр ашады!..
фото: Сымбат Олжабаева