Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сүйіп пе ең…)

0

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сүйіп пе ең...) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сүйіп пе ең...) на казахском языке

Кең бөлме.
Көкіректе жатыр мұң,
(өңгерген өмір жүгін арқалап).
Кезі келген арайлы таң атырдым
көздерден күдігі көп қалқалап.

Сұлулық тек өзіңе тән еді,
ұлы үміт – аңдығаны жанымның.
Жығылып көрмегеннің әлегі –
тығылып жылуына жалынның.

Шырқаттым Төлегеннің ән-құсын,
тіл қаттың Қыз Жібек боп сен маған.
Жырлаттым жүрегімді, шалқысын,
сыр-бақтың үнін тыңдап, кең далам.

Тағдырым тәлкегіне салса да,
бақ нұрын көріп келем тегімнен.
Бар сырым елеусіз боп қалса да,
бал-жырым арнасынан төгілген.

Биікпен таласар көз қарасы,
иіткен сенсің сезім мамасын.
Күйіп пе ед,
жазылар жан жарасы,
Сүйіп пе ең,
сүйікті боп қаласың!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!