Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Өзіңсіз дүние бос)

0
55

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Өзіңсіз дүние бос) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Өзіңсіз дүние бос) на казахском языке

Нұр тұнған тілекпен дара туған,
Жанымның сен болдың әріптесі.
Сыр тұнған жүректен жаратылған,
Әнімнің сен болдың әліппесі.

Аялап, асқақ арманның
бесігін тербеп келемін.
Атырған нұрлы таңдардың
сәулесін сенен көремін.

Көгімде жымыңдап Ай күледі,
жұлдыздар куә боп махаббатқа.
Көңілің сарқылмас айдын еді,
сезімді толтырған шапағатқа.

Өзіңсіз дүние бос қалады,
қалықтап самғамас ой қыраны.
Өзіңнен өмірдің басталады
қуаныш кернеген той-думаны.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!