Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Мұсылман апаларым)

0
142

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Мұсылман апаларым) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Мұсылман апаларым) на казахском языке

Адамның асыл қасиеттерін,
бабаның нақыл-өсиеттерін,
ақ жаулықты ана – апаларым ғой
жинаған бойға нәсіп еткенін.

Тұсауын кесіп тосылған ұлттың,
ақ кептерлерін ұшырған құттың.
Қақпасын ашты имандылықтың,
тұтқасын ұстап мұсылмандықтың.

Арайлы таңға тәубе қылатын,
бағыштап елге мүдде-мұратын.
Әжім торлаған ақ маңдайларын
апаларым ғой, сәжде қылатын.

Адасқандығын аңғармағанды,
Аллаһ барына таң қалмағанды,
хақиқи жолға салады дәйім,
жетелеп олар тал қармағанды.

Ізгілік нұрын төгеді жүзі,
еріп салады көңілдің мұзы.
Соңынан ерген ұрпақтарына
ақ даңғыл болып келеді ізі.
Әрбір қадамын басқан шындықпен,
күресіп әркез астамшылдықпен.
Аруаналарым, баулыған жасты,
адамшылыққа, Отаншылдықпен.

Әр өткен күні жасындай болар,
жеткізген үні – ғасырлап қалар.
Алқымдап жүзді, болашақ үшін,
аман болсыншы, асыл апалар!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!