Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Бұйрық)

0

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Бұйрық) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Бұйрық) на казахском языке

(Рүстем Есдәулеттің қазасына)

Беу, Жаратқан, қара жер тоймайды екен,
қанша алса да қойыны толмайды екен?!
Қарамайтын жасқа да, басқаға да,
бір Алланың бұйрығы қоймайды екен!

Тамырында бүлкілдеп тектілігі,
таңғы нұрға ынтызар өтті күні.
Қара пәле қайнатса қан қазанын,
қыза түсер бойында бектілігі.

Орда бұзар шағында – отызында,
төрт соқа із қалдырып атызында.
Кете барды асығып…
Жұрты қалды
егілумен Шығыста батысына.

Жүруші еді жанталас, арпалыста,
қуанатын балаша әр табысқа.
Сезбей қалды-ау жүрегі аңқылдаған,
тұратынын ажалдың қалтарыста.

Күрсінерім, білмеймін, жыларымды,
беу, Жаратқан, өшірдің шырағымды?!
Бұ дүниеде жүргенін көпсіндің-ау,
о дүниеде аяма жұмағыңды!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!