Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ар іздеген ағатай)

0

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ар іздеген ағатай) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ар іздеген ағатай) на казахском языке

Көктөбенің керім сал көк беліне,
көкорайға көмкерген көктеміне,
сенбейді олар әлі де, Халел аға
Алматыдан Ар іздеп жеткеніңе.

Артынып ап жеткенде жүктеріңді,
сұм қала ма ұғатын құт-көңілді?
Аласапыран уақытта адамдардан
Алатаудай адалдық күткеніңді.

Шынықтың да Тараздың бастауынан,
сыр ұқтың ба шындықтың астарынан?
Амалдадың атқарып борышыңды,
аман қалып Чернобыль – қас-қағымнан.

***

Талайына салды тағдыр талқысы,
күресумен өтті тірлік тартысы.
Заманының зауалынан аулақ боп,
шуақ шашсын қалған ғұмыр жартысы.

Анасы бар адамдардай қартаймас,
ұрпағының ортасында әр таймас,
Аллаһ жар боп, адал өмір сүріңіз,
адалдықтан ақыл, көңіл ортаймас.

Бұл жалғанда таусылмайды бар уайым,
жақсылыққа жетелесін жағдайың.
Ағайындар, адал достар ішінде
аман болсын Алтын басың әрдайым!


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!