Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Әке)

0

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Әке) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Әке) на казахском языке

Жастайымнан айырылдым әкемнен,
қорғансыз қап дүниеге әкелген.
Жеті жастан зар боп қалдым көзіне,
тәлім берер ұлағатты сөзіне.

Бүгін тағы, ойыма алдым өткенді,
бақилыққа бізден алыс кетті енді.
Азаматың есейіп,
ер жеткен-ді,
айтар адам таппай жүрмін өкпемді.


Асқар тау шыңым әке,
алыстан тұлғаланған.
Төгемін сырымды, әке,
тұңғиық жыр ғаламнан.
Тағдырдың сындарына
жасымас қырандайсың.
Әлемнің гүл бағына
қорған боп тұрғандайсың.

Алатау шоқтығы тәрізді
шашыңды ақ шалып қалған ба?
Жалғыз сен жалғанда жаны ізгі,
қанатым қақтырған арманға.

Бұлақтай сарқыраған
жарқын жан өзің едің.
Көгімде жарқыраған
жұлдыдай сезім едің.
Мұң басқан шақтарымда
құшағың сағындырған.
Мен үшін сақтадың ба,
жаралған жаның нұрдан?!


Полную версию материала можете скачать через !!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!