Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сағынасың дейсің бе?)

0

Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сағынасың дейсің бе?) казакша Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сағынасың дейсің бе?) на казахском языке

Сағынасың дейсің бе?
Қашан таңым атып еді сағынбай?
Мен деп уайым жейсің бе?
Олай болса қалмадың ба жанымда-ай…

«Ойланасың»-дерсің ау,
Менің ойсыз қашан күнім батып ет?
Ойымның да ойлаушысы сенсің-ау,
Сенен өзге жүрекке кім жақын ет?

«Кешір мені!»-жүрегіңнің күбірі,
Деп естілді, өкініштен жанғаның,
Кешірген нес? Мен кешірмек түгілі,
Саған тіпті өкпелей де алмадым…

«Түсінерсің»-деп кете бардың тұрып сен,
Өз-өзіңді кінәлағыш боп алдың,
Түсіндім ғой…түсініп, сол түсінікпен,
Сенің ғазиз өміріңнен жоғалдым…

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз