Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Көпірі көп,келбеті де керемет….)

0

Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Көпірі көп,келбеті де керемет....) казакша Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Көпірі көп,келбеті де керемет....) на казахском языке

Көпірі көп,келбеті де керемет,
Қонақжайлық құрметі де тым дара.
бірақ олай сыйлағаны не керек???
Көре алмайды көп адамды бұл қала…

Мысал үшін,қызықты ойды қуалық,
Жыр жазайын жеткенінше жай күшім,
Жүрек тулап,жүрген сәтте қуанып,
Саған сыйлап кете берер қайғысын…

Ал содан соң жігеріңді құлатып,
Жүргеніңде жүрегіңе келіп сыз.
Алдын ала тастайды да жылатып,
Жынды қылып,күлдіреді еріксіз…

Жақсы қылып көрсетеді жаманды,
Бұл қалада қалыптасқан пасықтық.
Өзің қатты ұнататын адамды,
Өзге жанға қояды ғой ғашық қып.

Жібін үзгің келмес кейде үміттің,
Қоштасумен болып мүлдем хабарсыз.
«Келер-ау»деп келмесе де ұмытқың.
Жүрегіңнен сыздырады амалсыз…

Осы қала,сыйлығы осы берерге,
Күнім осы,билігіне бас ұрған.
Енді оған қолым жетті-ау дегенде.
Алыстатып әкетеді қасыңнан.