Қазақша өлең: Бейімбет Майлин (Құбақан)

0
498
Advertisement

Қазақша өлең: Бейімбет Майлин (Құбақан) казакша Қазақша өлең: Бейімбет Майлин (Құбақан) на казахском языке

Құбақан оң да болды, сол да болды.
Құбақан тарам-тарам жол да болды.
«Оң», «солды» шарласа да шарты келіп,
Жылтырақ қара портфель қолда болды:

Алтыннан көзілдірік көз де болды,
Жыбырлап аузы үзілмес сөз де болды.
Кешегі таудай мінін бүгіп жойып,
Құлпырып сағатында өзге болды.

«Значит», «так сказать» нақыл болды,
Жел қайдан шықса соған жақын болды.
Кешегі кеселді ісін бүркеп, тағып,
Кеуде ұрып, жұрт көзінше батыр болды.

Аяғын кердең, кердең, кердең басты,
Кердеңдеп қыруар жұрт, елден асты.
Қай жерден жалт берерін қайдан білдік,
Қыр өтіп, әзірінше белден асты.

Құбақан құбылуды қашан қояд?
Қоймаса елдің тезі қашан жояд?
Шермиген қара портфель тырс-тырс шертіп,
Шығымсыз документке қашан тояд?!

1928 жыл

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз