Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жамиығы қазақ бір туған)

0

Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жамиығы қазақ бір туған) казакша Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жамиығы қазақ бір туған) на казахском языке

Атамыз алыс болғанмен,
Жамиғы қазақ бір туған.
Бір пәлеге жолығар,
Есебін таппай сөз қуған.
Әуеде ұшқан көк шулан,
Әуезі төмен аққудан.
Жақсының сөзі жылайды,
Тілі тәтті бал судан.
Жаманның сөзі ащы дүр,
Адам ішпес зәру — дан.
Шойынменен тең болмас,
Тұтқасы күміс жем құмған.
Басында іспет бермесе,
Ағармас күнде бет жуған.
«Шүу!» дегенде озбай ма,
Асыл туған наз бедеу
Қаптай шашқан көп дудан?!
Алысқа шапсам, арымнан,
Тұлпардан туған мен будан!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!