Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы («Сөйле» десең, сөйлейін)


«Сөйле» десең, сөйлейін,
Көңіліңді сөзбен делбейін!
Жез бұйдалы мен наршаң,
Қосынды артсаң жетелеп —
Елпендеп неге ермейін.
Көптен бері сағынып
Бас қосқан соң сендермен,
Барымды бүгін сермейін!
Ықыласыңмен тыңдасаң,
Сөзімді пұлдап несіне —
Бойымды балап кернейін.
Атасы тегін жел сөзбен,
Бас — басыңа жетерлік
Еншіңді неге бермейін.