Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Ұлы жыр…)
Неден біз өттік?
Ал неден өтпедік?!…
Басында бірге және де көп едік.
Жыр тепкен сызға,
Көп жүрек күздеумен,
Қыстаудан аман азымыз көктедік.
Бәріміз шаршап,
Көңілде мұздаған.
Беймаза бір мұң,
Кеудеңде сыздаған.
«Ақындық өмір құрынсын» деп кейде,
Қаламнан қаштық,
Жіліктеп тұздаған.
Жазамыз қайта дуалап алғандай,
Құран құс қайта жұмыртқа салғандай.
Жазбасақ тағы
Күрсініп жүректер,
Әжелер сынды,
Шәй ішпей қалғандай.
Ақындық осы!…
Таңым бар менің де.
Ұлы рух көссе,
Қалқуға ерінбе.
Жүректен шығып,
Жүрекке жететін,
Ақиқат сүйген,
Ұлы жыр бөгелме.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!