Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Уа, Махамбет…)

0

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Уа, Махамбет...) казакша Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Уа, Махамбет...) на казахском языке

Ғасырлардан ғасырларды жалғаған,
Қалың жаудың ерсіз ойын жалмаған.
Қайтпас қайсар ерлігіңді жас ұрпақ,
Түсіне ме?
Уақыт жеңе алмаған.

Ақындығың елдің рухын көтерген,
Батырлығың ер сенімін өтеген.
Уа, Махамбет!…
Арлы қазақ келіні,
Арылмасын сендей болар бөпеден.

Жағымпаздар айласына езілмей,
Ұлы рухың кетті қайран сезілмей.
Берекесі ыдыраған еліңнің,
Еркіндігін қорғап жүрдің көз ілмей.

Уа, Махамбет алғыс алған халықтан,
Тәңір саған киелі жол дарытқан.
Дұшпандарың алғанменен басыңды,
Ала алмаған ерлігіңді тарихтан.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!