Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Қиалдағы арман)

0

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Қиалдағы арман) казакша Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Қиалдағы арман) на казахском языке

Өмірдің дәл мұндай боларын біліппе ем?!…
Білгенде мен басқа тағдырды таңдар ем.
Басқаша армандар құрар ем жүректен,
Басқаша сөйлесіп сапарлас жандармен.
Кешегі батпақты жолдармен жүрмес ем,
Сол ыстық жүректен,
Ыстық шер төккізген.
Біреуге қызығып,
Біреуге күлмес ем,
Өмірдің қолайсыз сәттерін өткізген.
Ал сосын
Қос әлем салтына келетін,
Бақытты жүректің жырымен қорғар ем.
Қорғар ем,
Жылуын жаныма беретін.
Бұл тағдыр мінезі суықтау болғанмен
Тауларда бөгемес ойларды үмітті,
Орманда адаспас ақмарал арманда.
Жүректе жыр орнап,
Сезінбей бүлікті,
Ләззат ап уақыттан жүрер ем жалғанда.
Бірақ та,
Бұл менің арманым боп қалған,
Мұң ілген жасымда жасырын сығылған.
Алдамшы уақыттан көңілім көп қалған,
Қас қабақ өмірдің аңызын ұғынған.
Өмірдің дәл мұндай боларын біліппем?!…
Білгенде мен басқа тағдырды таңдар ем.
Басқаша жанар ем,
Арылып күдіктен.
Тек қана мәңгілік бақытты аңсар ем…

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!