Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Аласапыран)

0
49

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Аласапыран) казакша Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Аласапыран) на казахском языке

Биыл қыс тым суық,
Жүрегім секілді қазіргі.
Беймегзіл уақытта,
Ұрлаған ол менің жазымды.
Қар аралас тұр борап,
Ойларым секілді сандалған.
Күз келмей тұрғанда,
Тауысқан мұң толған жасымды.
Суыққа шыдамай,
Бүркеген көбісі беттерін,
Мен қалай шыдадым?
Бұрылып мен неге кетпедім?!…
Айналам қалың қар,
Қырлар жоқ гүлдеген.
Ал менің жанымда
Үмітім сен қалай көктедің?!…
Қуатым жоқ менің,
Нұр шашар көңілге.
Тым суық мына қыс,
Өтпейік егіз боп өмірде.
Сен айлап борасаң,
Ойларым бір күнде жиылған,
Мен бүгін ұқсасам,
Ал ертең өзгерем тым мүлде.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!