Қазақша өлең: Бақытсыз махаббат
Төгіліп айналаны өрт қылады.
Тынштықтың ұясы болатұғын,
Жан дүнием менің бүгін шоқ болады!
Ешқашан бұл сезімді сезбеп едім,
Алдындары бұл тозақты көрмеп едім.
Адамдарды ақылдан аздыратын,
Махаббаттың не екенін білмеп едім!
«Махаббат тәтті» деген адамдардың,
Сөздеріне зейін салып жүрген едім,
Сөйтіп жүріп, бұл өмірдің қаталдығын
Жан дүниеммен тебіреніп бір сезген едім!
Бұл оқиға төрт жыл алдын басталады,
Махаббат адастырар жас баланы,
Көрген кезде сол қыздың жарқын жүзін,
Жүрегім, сауықпастай мас болады!
Ол махаббат — тенткетің махаббаты!
Ешкім де ол сезімді біле алмайды,
Махаббатың тозағында жүрген адам,
Шын өмірдің рахатын көре алмайды!
Ақ параққа не жазсаңда болады екен,
Махаббат алдамшы екен, алдайды екен!
Қу түлкінің әпкесі — сол махаббат!
Балапанды анаңмын деп алдайды екен!
Көзімді алдап, өзімді еліктіріп,
Дұрыс ойды, бұрып тастап мәз болады,
Әрдайым басымменен ойлайтұғын,
Мен байқұсты сезіміме құл қылады!
Бұл сезімнің шөл даласы үлкен екен,
Әркімді де тентіретіп қояды екен,
Көзді алдап, сол қызды жақындатып,
Шөлдегенге судай елес қылады екен!
Бірақ сағым сонысымен, сағым делед,
Жеткен кезде, жоқ болып тастап кетед,
Бұл сахраның ең басты қызығы сол,
Байқұс жанды босқа, тентіретед!
Сағымнан сағымға жол тартқызып,
Әрдайым босқа маған үміт беред,
Көлге міне жетемін деп әурелетіп,
Алдымдағы шын теңізді көлшік етед!
Мұнысымен шөл дала таусылмайды,
Көзді алдаумен, адамға салып қайғы,
Ең соңғы күш қалдығы қалғанша ол,
Адаммен ойнаудан да жалықпайды.
Күшің қалмай соңында сен жығыласың,
Тезірек өлуге де асығасың,
Барлық өмір тозақтай болған кезде,
Амал жоқтан сен оған жалынасың!
Сол мезетте барлық елес жоқ болады,
Ғайып болып, шын өмір де тап болады,
Көз ашып айналаға қарағанда,
Ащы шындық жүрегіңді от қылады!
Шындықтың нағыз беті сондай екен,
Үш жылда жынды боп мен қалған екем!
Ал енді айналама қарағанда,
Сол сахраның барлығы жалған екен!
Қу түлкінің әпкесі шыр ойнатып,
Ақыры жалыққан соң қойған екен!
Ал енді, сол тозақтан шыққаннан соң,
Жас балапан, қыран боп қалған екен!
Енді оған бұл түлкі олжа ғана,
Қу түлкі жүгіреді таппай пана!
Ал бүркіт оған назар аудармайды,
Алдану ол бүркітті қылды дана!