Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайық, тасы, төгіл)

0

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайық, тасы, төгіл) казакша Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайық, тасы, төгіл) на казахском языке

Ақ Жайық, тасы, төгіл, көңіл қалдыр,
Аумалы-төкпелі ғой өмір бәрібір.
Айналған полигонға сор даланың
Бір рет тым болмаса шөлін қандыр.
Ақ Жайық, тасы, құйыл сайларыма,
Телегей болып жайыл жайлауыма.
Біреулер еске алатын болсын сені
Біреулер басын исін айбарыңа.
Шырылдар қарлығашың – Ақұштабың,
Қайтейін қанатсызбын, алыстамын.
Мінезің оятар деп үміттенем
Қалғыған кейбіреудің намыстарын.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз