Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Аңғармай өң мен түстің не екенін де)

0

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Аңғармай өң мен түстің не екенін де) казакша Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Аңғармай өң мен түстің не екенін де) на казахском языке

Аңғармай өң мен түстің не екенін де,
Жүрейін бал сезімнің жетегінде.
Сен мені алдарқатып, абайсызда
Алып қаш алыс жолға кетеріңде.
Білдірмей ішкі сырды күліп кел де,
Айтып қой ат әкел деп жігіттерге.
Қыздардың әдеті бар келіспейтін
Бұлқынсам, сүймейді-ау деп күдіктенбе…