Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жауға шаптым ту байлап)

0

Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жауға шаптым ту байлап) казакша Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жауға шаптым ту байлап) на казахском языке

Балпаң, балпаң кім баспас,
Басарға балтыр шыдамас,
Батырмын деп кім айтпас,
Барарға жүрек шыдамас.
Жалтара шапсаң жау қашпас,
Жауды аяған бет таппас.
Уа, жігіттер, жандарың,
Жаудан аяй көрмеңіз,
Ғазірейіл тура келмей жан алмас!
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айқайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жалынды жүрек қан қайнап.
Елді-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап!