Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жағалбай деген ел болар)

0
78

Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жағалбай деген ел болар) казакша Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жағалбай деген ел болар) на казахском языке

Жағалбай деген ел болар,
Жағалтай деген көл болар.
Жағалтайдың жағасы
Жасыл да байтақ ну болар.
Атадан алтау туғанның
Жүрегінің бастары
Алтын менен бу болар.
Атадан жалғыз туғанның
Жүрегінің бастары
Сары да жалқын су болар,
Жалғыздық, сені қайтейін!..