Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Түйе мойнын тұз кесер)

0

Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Түйе мойнын тұз кесер) казакша Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Түйе мойнын тұз кесер) на казахском языке

Түйе мойнын тұз кесер,
Жігіт мойнын қыз кесер,
Сартылдаған сары аяз,
Жылқының мойнын мұз кесер.
Бұлан да бұлан, бұлан сан,
Бұланның санын оқ тесер,
Бұландап жүрген жігіттің
Жомарт қолын жоқ кесер!