Қазақша өлең: Алмас Темірбай (Депрессия)
Ештеңе қызық емес… Ешқандай ой кешпеймін,
Ешқайсысы түсінбейді, ешкіммен сөйлеспеймін!
Ешқайсысы түсінбейді, ешкіммен сөйлеспеймін!
Ешкімді сағынбаймын, сағынып керегі не?!
Еш кеткен сағынышым, жеткізбей дегеніме…
Ешқашан жазылмайтын жанымның жарасын-ай,
Еш нәрсе өзгермейді, бәрібір, тағы осылай…
Ешбір жан тең келмейтін, тәуелсіз Тәңірім-ай,
Еш уақта ойламаппын, болар деп бәрі бұлай…
Еш жерден табылмайтын Бақытты аңсадым ба?!
Ешқайда апармайтын жол жүріп шаршадым ба?!
Білмеймін…