Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Тілеумағанбетпен қоштасуы)


Тілеумағанбет Абыл ақынмен әрі ағайын, әрі қадірлес адам екен. Тілеумағанбет өліп, соған там тұрғызып жатырған кезде Абыл келеді. Ескерткіш біткесін, дұға оқып, қимас ағайынымен қайғыра қоштасыпты:
Жарылар – сегіз арыс ауылың қалды,
Құдайберген, Майлан, Шотан бауырың қалды.
Шығарған төрт Назарды шаңырағың,
Тастемір қалың қара сауырың қалды.